Синоптиктер Алматыда аяз қашан басылатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Мегаполисте аяз қашан басылады

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер Алматыда аяз қашан қайтатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктер болжамынша, қала тұрғындары аяздың қайтқанын алдағы үш күнде сезеді.

21 ақпанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 6-8 градус аяз.

22 ақпанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 3-5 градус аяз.

Жұма, 23 ақпанда Алматыда қар жауады деп күтіледі. Түнде тұман. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 1-3 градус аяз.