Қазір елімізде туберкулезге қарсы емдеу тек тиімді дәрілердің көмегімен жүзеге асырылады
26 ақпан 2024 жылы ҚР ҰФҒО ЖИТС-пен, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қормен бірлесіп Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында туберкулезбен күрес айлығының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жыл сайын 24 наурызда әлемде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың ұраны: «Біз туберкулезді жеңе аламыз».
Қазір елімізде туберкулезге қарсы емдеу тек тиімді дәрілердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов мәлімдеді.
«Бұл күн туберкулезді қоғамдық денсаулықтың ауыртпалығы ретінде жою жолындағы одан әрі ілгерілеу үшін саяси және әлеуметтік міндеттемені жұмылдыру және туберкулез туралы хабардар болуды және оның алдын алу және емдеу жөніндегі күш-жігерді бүкіл әлемде арттыруға бағытталған», – деп түсіндірді М.Әденов.
Қазақстан БҰҰ-ның туберкулез бойынша жоғары деңгейдегі отырысының саяси декларациясына қосылып, 2035 жылға қарай туберкулезді індет ретінде жоюға бағытталған END TB стратегиясын жүзеге асырып жатқан мемлекет ретінде өз міндеттемелерін орындауда.
Қазақстанда 2023 жылдың аяғында туберкулезге қатысты тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Туберкулезбен ауыру деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға төмендеді. Өлім көрсеткіші 14,3%-ға, ал аурудың таралу деңгейі 5,4%-ға азайды.
«Бүгінгі таңда туберкулезді емдеу негізінен амбулаторлық негізде жүргізіледі. Емдеудің бірінші күнінен бастап, науқас инфекциялық бақылау шараларын және клиникалық жағдайды ескере отырып, үйде емделе алады. ДДСҰ стандарты амбулаторлық емделудегі науқас саны 55 пайыздан кем болмауын талап етсе, елімізде бұл көрсеткіш 2023 жылы 64,6 пайызға жетті. ДДҰ стандартында 55 пайыз құрады, олардың 36,4 пайызы мобильді телефондар, планшеттер мен мобильді қосымшалар көмегімен бейнебақылау арқылы емделуде», – деді М.Әденов.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2023 жылдың соңына қарай амбулаторлық ем алатын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.
Бүкіл елде алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ПТР (молекулярлық-генетикалық диагностика) көмегімен туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді анықтаудың заманауи экспресс әдістері енгізілді. Бұл сынақтар екі сағат ішінде нәтиже беріп, адамның негізгі туберкулезге қарсы дәріге сезімталдығын көрсете алады.
Жаңа және қайта тағайындалған препараттармен емдеу, қысқа және жеке емдеу режимдері енгізілді. Көп дәріге төзімді туберкулезді емдеу мерзімі ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес 24 айдан 9-12 айға дейін қысқаруда. Жаңа тиімді туберкулезге қарсы препараттар (Бедаквилин, Деламанид) көп дәріге төзімді туберкулезді және дәрінің кең түріне төзімді туберкулезді емдеуде қолданылады. ДДСҰ стандартына сәйкес дәріге төзімді туберкулездің тиімділігі 80% кем түспеуі тиіс болса, елімізде бұл көрсеткіш 80% құрады.
Сондай-ақ 2023 жылдан бастап ДДСҰ 6 ай бойы дәріге төзімді туберкулезді емдеуге ұсынған жаңа Претоманид препаратын қолдану арқылы жедел зерттеу түрінде пилоттық жоба іске қосылды.
Жаһандық қордың жобаларын іске асыру тобының менеджері Шахимұрат Исмайылов Қазақстанда туберкулез ауыртпалығын төмендету жөніндегі іс-шараларға қоғамның барлық құрылымдарын, соның ішінде ҮЕҰ-ды тарта отырып, «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігінің жұмысын дамыту қолға алынғанын атап өтті.
Қазақстанның туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасы мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
Осы орайда жиынға қатысушылар үкіметтік емес ұйымдар осы міндеттерді жүзеге асыруда тиімді нәтижелерімен көзге түскенін, сол себепті туберкулезбен күрес саласындағы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлу мәселесіне ерекше қолдау көрсету маңызды екенін баса айтып өтті.