Ұлыбританияда медбикелердің жалақысы 3 мың доллардан басталады
Өзбекстан медбикелерін Ұлыбританияға жұмысқа шақырып жатыр. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Агенттік жазуынша, жұмысқа барғысы келетін медбикелердің жоғары білімі, IELTS 7 немесе OET 3.5 куәлігі болуы керек. Үміткерлерден бұрын сотталмағаны жөнінде анықтама керек.
Ұлыбританияда медбикелердің жалақысы 3 мың доллардан басталады. Олар отбасымен бірге баруға мүмкіндік алады.
Ағылшын тілін білмейтін, бірақ жұмысқа барғысы келетін медбикелерге арнайы курстар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ бұған дейін агенттік өзбек медбикелерін Ұлыбританияға жұмысқа жіберу жөнінде келісім жасалғанын хабарлаған еді.