8 наурызға арналған құттықтаулар мен тілектер

Qaz365.kz редакциясы

8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер

Фото: pravmir.ru

Аяулы анам, сені көктемнің 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын! Мереке күні адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін! Асқаралы атақ пен берекелі беделің болсын, ана!

Маған арнап бар асылды жинадың,

Мейіріміңді, жүрегіңді сыйладың,

Әлем сенің табаныңда бас иер,

Жан анашым, құтты болсын мейрамың!

Саған сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атағың биіктей берсін! Әрқашан шаңырақтың берекесі, ырыстың ұйтқысы болып, жанұяның жылылығын сақтай бер! Бақытты да баянды өмір кеш, әлемдегі ең керемет АНА!

Жас ақындардың ана туралы өлеңдері

Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Жанарына сыр тұнған,

Жүрегінде жыр тұрған.

Құтты болсын мерекең,

Қызғалдақтар құлпырған!

Әрқайсысыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Дидарларыңыздан арай тарап, ажарларыңыздан шешек атсын, қыздар!

8 наурыз. Қыздар жайлы әзілдер 

Әпке, халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Уақыттың биігінен, мезгілдің мінберінен көріне бер! Аспаныңыз ашық болсын! Ыстық сезімің суымасын! Бақытты бол, бай бол! Ғұмырың ұзақ, махаббатың баянды болсын! Құлағанда сүйенген аяулы әпкем, менің тірегім, бұл мереке саған бар бақытты себелесін!

Әйелдер туралы жазушылар не дейді?

Қарындасым, 8 наурыз мейрамыңмен! Ұйқың шала болса да, күлкің шала болмасын! Күліп-ойнап, еліктің лағындай еркелеп жүре бер! Жүзіңдегі шаттық кірлемесін! Үздіккен арман, үзілмес үміт тілеймін! Ақ бұлақтай мөлдір, Күн нұрындай жарық бол! Басыңа бақ құсы қонсын! Ағаларыңа сүйеніш, анаңа қамқоршы бол!

Әлемнің мәні – Әйелде!

Сүйіктім! Аяулы аруым! 8 наурызыңмен құттықтаймын. Жан дегенде жалғызым, басымдағы бағым, өмірімнің сыйы, саған бұл мереке ғаламның бар асылын әкелсін! Екеуміздің кіршіксіз махаббатымызға дақ түспей, ғұмыр бойы бақытты өмір кешуге жазсын! Сүйгенім, өзіңді бұл күні ғана емес, мәңгі сүйіп өтемін...

Әйел – сегізінші кереметі әлемнің

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар,  шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі сарқылмайтын шабыт сыйласын. Көктемнің өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен!

                                  .............................................

Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің көктемдей жайнасын.

                                  .............................................

Бүгінгі мейрам ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс - құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл күй тілейміз!                      .............................................

 Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

                                  .............................................

Қымбатты арулар!

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауым мен тілегімді қабыл алыңыздар.

Әйел әрқашан халықтың ар - ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дарқан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.

Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», – дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.

Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сән-салтанатты болсын деп, Алла Тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.