«Лексус 570 тәркіленді»: Алматыда ер адам балаларына 63 млн теңге алиментін төлемеген

Qaz365.kz редакциясы

Алматыда алимент өндіріп алу бойынша 18 мыңнан астам іс орындалдаған

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Айдын Қайдаров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматыда алимент өндіріп алу бойынша 18 мыңнан астам іс орындалып, 10 мамандандырылған кеңсе құрылған.

«Алматыдағы ең үлкен алимент бойынша берешек – бүгінде 63 миллион теңге. Борышкерден мүлкі мәжбүрлеп алынып жатыр. Жақында Лексус 570 тәркіленді. Жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді», – деді Айдын Қайдаров.