Белгілі жазушы, журналист Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

Qaz365.kz редакциясы

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жеткізді

Видеокадр

Қазақ прозасына «Аспанқора», «Шал мен жылқы», «Құралайдың салқыны» сынды классикалық шығармаларды сыйлаған жазушы, бірнеше басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жеткізді. 

Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты. Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп. Жақсылар шетінен кетіп жатыр, – деп жазады ол.

Жұмабай Шаштайұлы (10.10.1950 жылы туылған, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) - жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Коммунизм жолы газетінде, 1980-87 жылдары республика Лениншіл жас, Социалистік Қазақстан газеттерінде, 1987-90 жылдары Жалын журналында жұмыс істеді. 

1990-92 жылдары Қазақ тілі қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары Жас Алаш, Қазақ әдебиеті газеттерінде бөлім меңтерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық Заман-Қазақстан газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметінде. 

1982 ж. Таң нұры атты ұжымдық жинаққа Қияда атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан Қызын кар атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Бұдан соң Жала мен нала (1987), Жыр жолбарыс (1996), Біздің заманның Аяз биі (1997) кітаптары жарық көрді.