Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгертіледі

Qaz365.kz редакциясы

Көліктерді тіркеу жүйесі жаңартылады

Фото: ara24.kz

Көліктерді елге заңсыз әкелудің төрт схемасы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елдің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.

"ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында агенттік, Цифрлық даму министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады. Кездесу барысында бүгінде алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді", - делінген хабарламада.

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын айтты.

"Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тараптарды тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу", - деді Бижанов.

Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакиннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің интеграциясы толығымен жасалды. Соның арқасында VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректер автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік бар.

Бірақ ХҚКО мамандары барлық деректі өздері енгізеді. Ал жүйені жаңартудың нәтижесінде автокөлік туралы деректерді қолмен қажеті болмай қалады.