«Ешкім менімен қазақша сөйлеспейді»: АҚШ азаматы Алматының мейрамханаларын аралап таңғалғанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Қазақ және орыс тілінде қызмет көрсеткен мейрамханалар мен кафелердің тізімін көрсетеді

Видеокадр

Қазақша сөйлейтін шетелдік азамат – АҚШ азаматы Роки Жоунейрс Алматыдағы мейрамханалардың көбі орысша қызмет көрсеткеніне таңғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы аптада мен Алматыда болдым. Көп мейрамхана мен кафелерге бардым. Әр жерде, әр мейрамханада тек қазақ тілінде сөйледім. Жалпы қазақ тілінде сөйлеймін. Бірақ мен 18 мейрамхананың тек бесеуі ғана менімен қазақ тілінде сөйледі», - дейді ол.

Шетелдік азамат солай дей келе өзіне қазақ және орыс тілінде қызмет көрсеткен мейрамханалар мен кафелердің тізімін көрсетеді. 

«Мейрамханалардың көбінде мен қазақ тілінде сөйлесем де олар орыс тілінде сөйлейді. Менің сөзімді анда-санда түсінбейді. Мен үш жыл бойы қазақ тілін үйрендім. Мен Қазақстан деген елде болмай, қазақ тілін үйренгенде еңбекқор болдым. Бірақ Алматыда болғанда ешкім менімен қазақ тілінде сөйлемейді. Астанада да сондай», - дейді ол.