«Аягөз – Бозай» автожолындағы көпірді су шайып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Халықты Аягөз өзені арқылы жеткізу үшін ТЖД қызметкерлері көмекке жіберіліп жатыр

Видеодан скриншот

«Аягөз – Бозай» автожолындағы көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәл қазір өзге аудандармен салыстырғанда Аягөз ауданында өзен деңгейінің көтерілуі түрлі жағдайлардың орын алуына түрткі болды. Соған орай аудан әкімдігінің ұйғарымымен жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті маңыздағы «Аягөз – Бозай» автожолының 20 шақырымындағы көпірді су шайып кетіп, жол қатынасы үзілді. Дегенмен айналма жолдар арқылы Бозай ауылымен байланысты орнату назарға алынып, жұмыстар атқарылып жатыр.

Облыстық ТЖД таратқан ресми мәліметке сүйенсек, полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан көпір тұсына шектеу белгілері қойылып, кезекшілік атқарылуда.

Халықты Аягөз өзені арқылы жеткізу үшін ТЖД қызметкерлері көмекке жіберіліп жатыр.