Ол сот залынан қамауға алынды
Астана қаласы әскери сотында Айкөркем ісі бойынша апелляция шешімі шықты. Арман Жұман 7 жылға сотталды бас бостандығынан айырылды. Ол сот залынан қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Жан Күнсеркин сол кезде апелляциялық шағым түсіретінін айтқан еді.
Қаңтар оқиғасы кезінде, 7 қаңтарда Айдос Мелдеханның балалары отырған көлікке оқ жауған. Оқиға кезінде оның 16 жастағы қызы жараланып, 4 жасар Айкөркем қаза болды. 8 жасар ұлы психологиялық шок алған. Айкөркемнің қазасына байланысты іс 2022 жылы желтоқсанда «адам өлтіру» бабымен қозғалып, кейін билік өкілетін асыра пайдалану» бабына ауыстырылды.
Айта кетейік, қаңтар оқиғасында оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның қазасына қатысты сот ісі 15 қарашада аяқталып, күдікті Арман Жұман ақталып шыққан еді. Ол өзіне тағылған айыппен келіспеген. Сот кезінде прокурор айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы Арман Жұман «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша айыпталған.