Алматыда 2-3 балл қуатымен жер сілкінісі сезілді

Qaz365.kz редакциясы

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан

aikyn.kz

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болып, жерасты дүмпулері Алматыда да сезілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректеріне сілтеме жасап.

27 қаңтарда сағат 06:10-да ТЖМ СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісінде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. MPV магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 10 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілген.