Шымкенттік жастар "EcoStudentKZ" челленджін бастады

Qaz365.kz редакциясы

Челлендж алдағы уақытта Павлодар, Екібастұз, Алматы, Астана қалаларында жалғасады

vostock-photo.com

Шымкенттік жастар “EcoStudentKZ” челленджін бастады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі “24 хабар” арнасының сайтына сілтеме жасап.

Жоба арқылы белсенді студенттер ел тұрғындарына үндеу жасап, көрікті орындарды көркейтуге шақырмақ. Осылайша 8 бірдей жоғары оқу орнының, жүзге жуық студенті “Қошқар ата” жағалауына жиналды. Қоғамдық орынды, күл-қоқыстан тазартып, қураған жапырақтарды жинады. 

“Бұл республикалық жоба ‒ студенттердің экологиялық санасын, қаламыздың тазалығын сақтауға үлес қосуға бағытталған жоба болып саналады. Аталған жоба Шымкент қаласынан бастау алып, алдағы уақытта Павлодар, Екібастұз, Алматы, Астана сынды қалаларда жалғасатын болады”, ‒ деді "EcoStudentKZ" жобасының ұйымдастырушы Бекдәулет Тасболат.

Белсенділер  қоршаған ортаны таза ұстауды,  әркім өзінен бастауы керек, дейді. Эстафетаның шарты бойынша таңдалған орынды алдымен  суретке және, креативті видеоға түсіріп, нәтижесін #ЕКОStudentKZ хэштегімен желіге жариялайды.