Беташарға миллиондап шашқан блогерлер қайдасыңдар - желіде су тасқынынан зардап шеккендерге жылу жиналып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Блогерлер де бұл істен тыс қалды ма?

Фото: әлеуметтік желіден

Су тасқынына байланысты кей өңірдегі халықтың басына іс түсіп жатқанда Мемлекет басшысы оларға көмек қолын бизнесмендер де созсын деп үндеу тастаған еді. Содан бері елдегі ірі олигархтар, банк иелері миллиондап көмек ақша бөліп жатыр. Желіде блогерлер де бұл істен тыс қалмапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәселен, NNN атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын достарымен Ақтөбе облысы Ойыл ауданына барған.

«Ешкімге айтпай, Ақтөбе облысының Ойыл ауданының орталығына шығып кеттік. Біз суды тоқтатпасақ та, қолдан келгенше көмек береміз. Халықтан ешқандай «сбор» ашпаймыз. Халықтан сұрағымыз келіп тұрған жоқ. Өзіміз кәсіпкерлер, блогерлер жиналдық. Ақша жинаймыз десеңіздер білуімше, әртүрлі қарекеттер жасалып жатыр. Барып тапсырсаңыздар болады. Әзірге біз өзіміздің қолымыздан келгенше көмек жасағымыз келіп отыр. 

Біздің мақсат – мұқтаж адамдарға көмектесу. Әкімдер бармаған отбасылар бар. Киім, тамақ келіп жатыр ғой. Бірақ гигиеналық заттар, үлкендерге дәрі-дәрмек керек. Соларды барып, көрсетіп, айтатын боламыз. Ситуация қатты қиын болса, сбор жайлы қосымша ақпарат болады. Кәсіпкерлер, достар осындайда бірлікті болайық», - дейді ол.

Елге танымал біп топ азамат «Қарекет» қорына жылу жинауға шақырады. Ол видео Айдана Қабылбекқызының парақшасында жарияланды.

«Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен қалаларына көмектесу үшін Қарекет қорымен бірге қаражат жинауды қолдаңыздар. Сіз, біз болып, баспанасы мен мүлкінен айырылған адамдарды қалыпты өміріне оралуына көмектесейік. Бұл қиындықты бірге жеңейік», - дейді танымал азаматтар.

Әлеуметтік желіде carat85 атымен танымал блогер осындайда бірігуге шақырады.

«Жеканың немесе басқа да блогерлердің тойында беташарға миллиондар салатындар – 3 млн, 5 млн жібере салатын блогерлер қайдасыңдар? Үндерің шықпай қалды ғой. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев судан шеккен барлық адамдарға бизнесмендер көмектессін деп жатыр. Сіздердің ақшаларыңыз солардың тағдырын шешеді. Сендерден осы акцияға қатысуларыңызды сұраймын. Әншілер, шоу-бизнес өкілдері, үйлерін көрсететіндер, көлігін, жеп отырған қойдың басын көрсететіндер – қайдасыңдар? Мәрттіктеріңді осындайда көрсетіңдер! Рамазан айында барлықтарыңыздың садақаларыңыз болсын. Бүкіл зардап шегіп жатқан адамдарға беріңіздер. Миллиондарыңызды сол жаққа қарай жіберіңіздер. Сандыққа мақтанып лақтырдыңдар ғой. Осы кезде неге мақтанбайсыңдар?».

«Осындай кезде мақтанып, жария садақаларыңды осындай жіберіңдер», «жеке 5 млн теңге жіберді», «анау блогер 2 млн жіберіпті», «мынау әнші 10 млн теңге жіберіпті» деген әңгіме осындайда айтылуы керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді”, - деп қозғау салғысы келеді ол.