Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, палаткалар мен тұрмысқа қажетті басқа да заттар бар
Қырғызстаннан Қазақстанға 272 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, палаткалар мен тұрмысқа қажетті басқа да заттар бар.
Бір күн бұрын Қырғыз министрлер кеңесінің отырысында кабмин төрағасы Ақылбек Жаппаров Қазақстан тарапы сұрамаса да көмек жіберілетінін хабарлаған еді.
«Президенттің көрші елдермен жақсы саясатының нәтижесінде олар да бізге көмек қолын созған», - деді министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров.
Жаппаровтың бұл айтып отырғаны – Бішкекте жылу электр орталығы апатқа ұшыраған кезде Қазақстан көмектескен.
Қырғызстаннан келген көмек өңір-өңірлерге таратылып жатыр. Қазір су тасқынының ең қауіпті деңгейі Атырау облысы мен Қостанай облысында қалыптасқан.