Тасқынмен күресте көмекке асыққан әжеге Тоқаев алғыс айтты

Qaz365.kz редакциясы

Әжейге аманатты облыс әкімінің өзі тапсырды

Скриншот

Жайық жағасын бекіту жұмысына ат салысқан 92 жастағы атыраулық Орынша Тоқтыбаққызына Мемлекет басшысы алғыс білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әжейге Ақордадан жеткен аманатты облыс әкімі Серік Шәпкеновтың өзі барып тапсырды. 

Қаптарды топырақпен толтырып, бөгет соғу жұмысына көмектескен кейуана Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында тұрады. Тыл еңбеккері Орынша Тоқтыбаққызы тасқын қаупі төнгенде еңбек еткен мектеп ұжымына көмек көрсетті.