Қазақстанда бірден бірнеше жаңа мереке пайда болады

Qaz365.kz редакциясы

Тізімге бірден 8 жаңа мереке енгізілмек

Фото: Depositphotos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Тізімге бірден 8 жаңа кәсіби мереке енгізілмек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар:

7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні;

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні;

20 мамыр – Метрология қызметкерлерінің күні;

10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні;

Қыркүйектің бірінші сенбісі – Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні;

1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні;

14 қазан – Стандарттау қызметкерлерінің күні;

18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Айта кетейік, кәсіби мерекелер демалыс күні болып есептелмейді.