Салтанат Нүкенованың мұрыны сынған – сотмедэксперт

Qaz365.kz редакциясы

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр

Фото: Jogargy_sot

Сот медициналық сарапшы Тахир Халиназаров Салтанат Нүкенованың мұрыны сынғанын да айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Эксперттер сыну сипатын – қалыбына қарай бағалайды. Факт бар – сынғаны, беттің аталған тұсына соққы әсері мұрын сүйегін сындырып жіберген. Мұрын сынған кезде сынықтары ұшып кетеді. Соққының күшіне байланысты эксперттер мұрынды сындыру, бұзу үшін оның едәуір пәрменді жасалғанын айтады», - деді Халиназаров.

Оның алдында сарапшы адвокаттардың сұрақтарына жауап бермес бұрын Салтанатқа салынған жарақаттардың бәрін жеке қарастыруға болмайды деп есептейтінін айтқан. Ол жарақаттың бәрі бірге өлімге әкеп соққанын жеткізді.

Сонымен қатар эксперт Салтанат Нүкеноваға соққылар жасалғаннан кейін оны қылқындырғанын айтты.