Су тасқынынан романтика тапқан жандар жұртты сүйсінтті

Qaz365.kz редакциясы

Желіде видео тарады

Видеодан скриншоттар

Су тасқынынан зардап шексе де позитивті ұмытпаған жандар бар. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам жан-жарымен бірге тасқын суда романтика болып жүргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Үйленген кезде қос аққудай айдын көлде қатар жүзіңдер деген тілек айтып еді. Сол тост 34 жылдан кейін жүзеге асты. Айтқан тілек қабыл болып, қос аққудай қатардай жүзім жүрміз. Біздің жағдай осы», - дейді видеодағы ер адам.

 

Желіде өз пікірлерін білдіріп жатқандар да аз емес. 

«Жаныңыз қиналып тұрса да, езуге күлкі келтіріңіз», «Көңілдеріңіз көтеріңкі ғой», «Ең бастысы, бастарыңыз аман болсын», «Енді қалған ғұмырыңызда құрғақ, жасыл, құрғақ жерде қол ұстасып жүруіңізді тілеймін!», «Қосағыңызбен қоса ағарыңыз», «Жұптарыңыз жазылмасын», «Бәрі жақсы болады», - деген пікірлер бар.