87 жастағы Ілияс Жақанов Жайықтың жағасында бөгет салуға көмектесіп жүр

Qaz365.kz редакциясы

Қария жергілікті тұрғындарға көмектесіп жүр

Фото: Usbanov Arnasy телеграм арнасы

Белгілі жазушы, композитор Ілия Жақанов Жайықтың жағасында бөгет салуға көмектесіп жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Mezgil.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл суреттегі көкеміз – қазақтың маңдайына біткен белгілі композитор, қаламгер. Қазақстанның Еңбек Ері. Жасы 87-ден асып барады. «Жасым келді, белім бүгілді» деместен, Жайықтың жағасындағы тасқынмен күресуге жастармен тең күш салып, қолына күрек ұстап жүр.

Қарғын судың қауіпі төне бастаған тұста Жақанов ақсақал да Жайық өзенінің жағалауындағы осал тұстарды бекіту үшін студенттерімен тең бөгет салуға барыпты. Барғанда да, бірлі-жарым суретіне түсіп, кетіп қалмай, бастан-аяқ жүрген», - делінген  Usbanov Arnasy телеграм арнасында.

«Тіршілік нәрі – Жайығымыз арнасы аспаса екен, ел қиындыққа тап болмасын деп тілеймін. Қазір су тасқыны Атырау облысына ғана емес, бірнеше өңірге қауіп төндірді. Сол себептен, бөгет салып жатқан жастарды қолдауға келдім. Елімізді қиындықтан бірлігімізбен ғана қорғай аламыз», - дейді Ілия ақсақал Жақанов.