Бұл заңды мәжілісте ілгерілеткен депутаттың бірі – Нұргүл Тау
Мәжіліс депутаты, «Республика» партиясының мүшесі Нұргүл Тау Қазақстанда вейпке тыйым салған заңның қабылдануын үлкен күрес деп атап, ол күресте парламенттегілер «ұлтқа, партияға бөлінбей» жеңгенін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойған. Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған.
Бұл заңды мәжілісте ілгерілеткен депутаттың бірі – Нұргүл Тау.
«Керемет жаңалық. Кеше ғана .. осы заңнама аясында вейптерді таратуға, әкелуге, сақтуға, өндіруге, сонымен қатар жарнамалауға толық тыйым салынды. Бір жылдық еңбектің арқасында үлкен нәтижеге қол жеткіздік. Бұл күресте біз ұлтқа, партияға бөлінбедік. Тек ауызбіршілік танытып, халықтың, жастардың денсаулығы үшін күрестік. Қолдаған барша әріптестерге алғысым шексіз», - дейді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.