Сот процесін тікелей көру үшін Астанаға өзге шетелдік журналистер де келуде
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін түстен кейінгі сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның командасы бұл іс туралы сюжет түсіреді екен.
Айта кетейік, Ксения Собчактың «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram желісінде 10 миллионға жуық оқырманы, «Кровавая барыня» атты Telegram арнасы бар.
Еске салайық, Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау), 99-бабының 5-тармағының 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру), 14-бабының 2-бөлігі (Аса ауыр қылмыстың қайталануы) бойынша айып тағылып жатыр.