Су тасқыны жағдайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында
RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қорының шотына 500 миллион теңге аударды, бұл ақша су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмекке, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және бірінші кезекте қажетті азық-түлікті сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сонымен бірге, Қазақстанның құрылыс нарығында көшбасшылардың бірі өңірлерді қолдау шеңберінде қалпына келтіру жұмыстары мен су тасқынының салдарын жою үшін Батыс Қазақстан облысына арнайы техника мен жабдықтар түрінде көмек жіберді.
«Бірнеше апта бойы біз табиғи апатқа байланысты Қазақстан өңірлерінде қалыптасқан қайғылы жағдайды үлкен өкінішпен көріп отырмыз, осындай қиын сәтте ел тұрғындарын тастап кете алмайтынымызды түсінеміз. Біз су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, біз Батыс Қазақстан облысының жергілікті билігіне көмек ретінде арнайы техника мен жабдықтар жібердік, бұл ретте адами ресурстарымызды жұмылдырдық», - деп растады RAMS QAZAQSTAN-ның вице-президенті Доган Бюлбюл.
Су тасқыны жағдайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында.