Ол соттың әділ шешім шығаратына үмітті
Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталып, соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске сұхбат берді. Әкесі Уәлихан Бишімбаев соттан әділдік шешім күтетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұл трагедия. Ата-ана ретінде ұлымды уайымдаймын. Қандай жағдай болмасын ол біздің баламыз. Орны толмас қайғы болғанын түсінеміз. Қуандық өз-өзін жазалады, бізді жазалады. Қоғамның басым бөлігі түсіністікпен қарайды деп үміттенемін. «Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние», – дейді Уәлихан Бишімбаев.
Ол осы ретте соттың әділ шешім шығаратына үмітті. Соған рахым ететінін айтты.
«Мен судьялар мен алқа билер алқасынан рахым, адамдардан кешірім тілеймін. Судья бір кездері шенеунік болғаны үшін қоғамымыз үйіп-төгіп артып қойған жүкке қарап емес, оның әрекетіне сай жаза берсе екен деймін. Қуандық үнемі адал, жауапкершілікпен жұмыс істеген. Бұл болған қайғылы жағдай менің де жүрегім ауыртты», – дейді айыпталушының әкесі.
Осы сәтте ресейлік блогер Наталья Грэйс те көзіне жас алды. Ал желі қолданушылары Уәлихан Бишімбаевтың баласы үшін уайымдайтыны ұнамай қалған.
«Ол қайтыс болған келіні үшін емес, ұлы үшін уайымдайтыны қызық екен», «Әділдік қалайсыз ба? Онда Салтанатты тірі қайтарыңыз, сол кезде ұлыңыз да бостандықта болады», «Салтанат туралы бір ауыз сөз айтуға жарамады», «Отбасымен театр актерлері сияқты», – деген пікірлер көптеп жазылған.