1 маусымда Charity Samruk Marathon 2024 қайырымдылық марафоны өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Астанада 1 маусымда өтетін "Charity Samruk Marathon 2024" қайырымдылық марафонына тіркеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды спорттық іс-шара елордада мыңдаған жүгіру әуесқойының басын қосады деп жоспарланған. 

Марафонға Samruk Marathon сайтында тіркелуге болады. 

Марафоншылар 5-10 шақырымдық қашықтықтарда жүгіреді. Сондай-ақ, балаларға арналған 400 және 1000 метрлік қашықтықтар бар. Марафонға барлығы мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланған. 

Қайырымдылық марафонынан жиналған қаражат Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық қорының есебіне түсіп, балалардың еміне бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауға жұмсалады.