Бүгін Құлсарыда 150 үйдің құрылысы басталды

Qaz365.kz редакциясы

Ауданы 80 шаршы метрді құрайтын 74 нысанның аумағы белгіленген

Скриншот

Атырау облысы, Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған 150 үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Ауданы 80 шаршы метрді құрайтын 74 нысанның аумағы белгіленген. Тұрғын үйлер облыстық бюджет пен демеушілердің қаражатына салынады. Елді мекен тұрғындары жарық және сумен толық қамтылған. Қазір газ беру жүйелері қалыпқа келтіріліп жатыр. Ықшамаудан аумағында екі мың орындық білім ордасын салу көзделген. Облыс әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Ықшам аудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, жарық және сумен қамтылған. Газ да тартылады. Екі мың орындық мектеп пен 300 орындық балабақша салынады. Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтемақы төленді.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, құрылысты жүргізетін компаниялардың барлығы жергілікті. Басты оператор «Казкомсервис» ЖШС. Оның қасына екі компания консорцум құру арқылы кірген. Олар «Орлан» және «Армандастар Құрылыс» ЖШС.