Жұбайының келісімінсіз қанша теңгеден бастап несие ала алмайтыны анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Жұбайларының келісімі қажет болуы керек

Фото: ашық дереккөзден

Енді 3,7 миллион теңгеден асатын сомада несие алғысы келсе, жұбайларының келісімі қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның бұл нормасы талқыланды.

Заңға президент қол қойғаннан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзінің нормативтік құқықтық актісінде 60 күн ішінде нақты сомманы анықтауы тиіс.

Сенат отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов сомма неліктен 1000 АЕК деңгейінде белгіленгенін түсіндірді.

«Нормативті-құқықтық актінің жобасында алдын ала 1 мың АЕК (1 АЕК – 3 692 мың теңге) деңгейінде болуы керек деп белгіледік. Бұл – шамамен 3 млн 700 мың теңге. Мәселен, ерлі-зайыптылардың біреуі шетелде болуы мүмкін. Осы кезде жұбайына шұғыл түрде қаражат керек болуы ықтимал. Біздің ойымызша, бұл сома (1 мың АЕК-ке дейінгі сомадағы несие) қандай да бір шұғыл қажет жағдайларға, оның ішінде медициналық көмек мәселесін шешуге жетіп қалады», - дейді Олжас Қизатов.

Ол бұл норма әзірге нормативтік-құқықтық актінің жобасында ғана екенін атап өтті.