35 млн халқы бар Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Мұндай деректі Өзбекстан Республикасы Статистика агенттігі мәлім етті

podrobno.uz

Ресми статистика бойынша Өзбекстанда 35 миллион адам тұрады. Бірақ соңғы жылдары бала туу көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды  Qaz365.kz.
Мұндай деректі Өзбекстан Республикасы Статистика агенттігі мәлім етті.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Өзбекстанда 274,5 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда аз.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында көрші елде 280,8 мың бала дүниеге келген. Бұл биылғы көрсеткіштен 4,7%-ға жоғары.

Осы жылдың алғашқы төрт айында республикада 142,4 мың ұл, 132,1 мың қыз бала дүниеге келген.