Ата-анасы 4 қызына тосын сый жасап келген
Әлеуметтік желіде Шотландияға жұмысқа кетіп, 7 айдан кейін оралған ерлі-зайыптылардың балаларымен қауышқан сәті таралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ата-анасы 4 қызына тосын сый жасап келген. Балаларды суретке түсіріп жатқанда артында ата-анасы да тұрып, бірге суретке түседі. Кейін суреттен әкесі мен анасын көрген балалар бірден басқа бөлмеге жүгіреді.
Желі қолданушылары 7 айдан кейін қауышқан отбасының қуанышына ортақтасып, пікір білдірді.
«7 ай бойы 4 баланы сыйдырып отырған адамдарды айтсаңдаршы», «Балаларын асырау үшін талай қазақ шетелде жүр», «Әсіресе үлкен қызы қатты сағыныпты», «Балалардың қуанышын емес, депрессия мен стреске түскенін көріп отырмын», «Менің де балаларымды көрмегелі 7 жыл болды», – деп жазған желідегі оқырмандар.
Айта кетейік, соңғы жылдары балаларын тастап, шетелге жұмысқа кететін ата-аналар көбейген. Олар Корея, Ұлыбритания, Германия, АҚШ секілді елдерге барып, ұзақ уақыт бойы жұмыс істейді.
Сыртқы істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяда 7-8 мыңға жуық Қазақстан азаматы заңсыз жұмыс істейді. Ал жақында осы мәселені көтерген Нартай Аралбайұлы ол жақта 20 мыңнан астам отандасымыз заңсыз жұмыс істеп жүргенін айтқан.