Түркістан облысының тұрғындарын білікті нейрохирургтар мен кардиологтар қабылдайды

Qaz365.kz редакциясы

Білікті мамандар түрлі медициналық бағыттар бойынша тегін практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді

Биылғы жылдың 23-26 сәуір аралығында Түркістан облысында «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Білікті мамандар облыс тұрғындары үшін нейрохирургия, пульмонология, эпилептология, кардиологияны қоса алғанда, түрлі медициналық бағыттар бойынша тегін практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Дәрігерлерді қабылдау кестесі төменде келтірілген:

23 сәуір

Түркістан қалалық емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-14:00 - Махмұт Мырзахметов, невролог дәрігері;

● 13:00-16:00 - Асхат Қабдешов, жоғары санатты ортопед-травматолог.

Облыстық клиникалық ауруханада пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-18:00 - Талғат Сәрсембаев, тамырлы хирург дәрігері;

● 16:00-19:00 - Мыңжылқы Бердіходжаев, жоғары санатты нейрохирург дәрігері.

24 сәуір

Түркістан қалалық емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 10:00-12:00 - Меруерт Сәрсембаева, ревматолог дәрігері;

● 10:00-17:00 - Ерлан Денеев, кардиохирург дәрігері;

● 10:00-17:00 - Еран Енсебаев, м. ғ. д., уролог дәрігері;

● 14:00-17:00 - Назар Сейдалин, м. ғ. к., онколог дәрігері;

● 14:00-18:00 - Әлия Жолдасбекова, м. ғ. д., кардиолог дәрігері;

● 14:00-18:00 - Дәурен Тәшенов, аллерголог дәрігері.

25 сәуір

Түркістан қалалық емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-13:00 - Элеонора Старцева, пульмонолог дәрігері;

● 10:00-12:00 - Дилярам Разиева, жоғары санатты эндокринолог дәрігері;

● 10:00-17:00 - Гүлдана Жұмабаева, эпилептолог дәрігері.

26 сәуір

Түркістан облысының онкологиялық диспансерінде пациенттерді келесі маман қабылдайды:

● 14:00-16:00 - Назар Сейдалин, м.ғ. к., онколог дәрігері.

Облыстық клиникалық ауруханада пациенттерді келесі маман қабылдайды:

● 14:00-17:00 - Марат Саршаев, нейрохирург дәрігері.