Акцияның негізгі мақсаты – елорда тұрғындарының вейпқа тәуелді деңгейін төмендету
Елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана жастары» ЖРО» КММ вейптерге қарсы күресте «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясын өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Акцияның негізгі мақсаты – елорда тұрғындарының вейпқа тәуелді деңгейін төмендету.
«Астана жастары» маманы Сұлтан Умургалиевтің айтуынша, акцияны қазақстандық белгілі боксшылар, балуандар мен велошабандоздар қолдады. Олар спортпен шұғылданудың маңыздылығын көрсетіп, жаман әдеттерден арылып, спорт пен салауатты өмір салтына назар аудару керек екенін түсіндірді.
«Біз акцияны аудан әкімдіктерімен бірлесіп өткіземіз, бүгін біздің акция Байқоңыр ауданында өткізілуде. Мұндай іс-шаралар кезінде біз қаланың саябақтары мен гүлзарларына барамыз, онда әдетте жастар бос уақыттарын өткізгенді ұнатады. Егер біз біреудің электронды темекі шегетінін көрсек, оның зиянды екенін және жаттығудың әлдеқайда пайдалы екенін түсіндіреміз. Вейптардың орнына біз балаларға бокс қолғаптары мен дулыға, теннис ракеткалары және т.б. береміз. Біздің жұмысымыз өз жемісін бере бастады, сіздер байқағаныңыздай, электронды темекі шегетін балалар аз және біз бұған өте қуаныштымыз», - деп бөлісті Сұлтан Умургалиев.
Еркін күрестен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Абзал Окенов осындай пайдалы акцияға қатысқанына қуанышты екенін атап өтті.
«Жастарға спортпен шұғылдану денсаулықты нығайтады, дене шынықтыруды жақсартады, өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі», - деді белгілі спортшы.
Акция Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратымен және дене шынықтыру және спорт Басқармасымен бірлесіп өткізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін астаналықтарға темекі мен вейп өнімдерін спорттық тауарға ауыстыру ұсынған «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясы өткен еді. Акция аясында астаналық спортшылар қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды.