«Ет, әлде бауырсақ»: Америкалықтардың Қазақстан туралы түсірген видеосы жұртты тәнті етті

Qaz365.kz редакциясы

АҚШ азаматы Рокки Лю «Rocky Journeys» блогын жүргізеді

Видеодан скриншоттар

Қазақстанда тұрып жатқан АҚШ азаматы Рокки Лю еліміз туралы кезекті видео түсірді. Бұл жолы ол анасымен бірге Қазақстанның тағамдары мен қалаларын таңдайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео астына пікір қалдырып жатқан қазақстандықтар шетел азаматтарына дән риза. Адамдар, әсіресе, қазақтың ұлттық тағамына қатысты ризашылығын білдіруде. 

«Ет тамақ» деп атағанығыз үшін рақмет», «Бешбармақ емес, Ет тамақ. Өте дұрыс», «Бешбармақ деген жоқсыз, мың алғыс сол үшін, анаңыз жүз жасасын», «Ет асу», «Ас салу» немесе бізде Оралда «іңкәл» дейді», «Американ қазақ бір туған», – деп жарыса жазып жатыр.

Айта кетейік, АҚШ азаматы Рокки Лю «Rocky Journeys» блогын жүргізеді. Онда Қазақстандағы өмірі туралы әртүрлі видео түсіреді. Ол Қазақстанда 5 жылдан астам өмір сүріп келеді және қазақ тілін үйреніп алған. 

Бұған дейін Алматыда кафелерінде онымен қазақша сөйлеспеген видеосы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.