Қызметтен кеткен Даниал Ахметовтың резиденциясы сатылатын болды

Qaz365.kz редакциясы

Видеодан зәулім үйдің іші қандай екенін көруге болады

Фото: Forbes.kz

Журналист Асхат Ниязов ШҚО-ның бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың бұрын тұрған үйін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеодан зәулім үйдің іші қандай екенін көруге болады. Журналист 15-ке жуық бөлмені, сауна, бассейн, бильярд ойнайтын жер және вертолет ұшатын алаңдарды көрсетті. Айта кетейік, осыдан 1 жыл бұрын бұл ғимаратқа кіруге тыйым салынған болатын. 

«Шенеуніктер елді осылай тонайды», «Бұл Назарбаевтың резиденциясы», «Антикор қайда қарап отыр?», «Екі этаж үшін лифт жасап қойыпты», «ТЭЦ пен Ертіске жұмсалуы керек ақшаның бәрі осында екен ғой», «Халықтың ақшасына шалқып өмір сүріпті», – деп жазып жазылған видео астында. 

Белгілі болғандай, қазіргі таңда бұл резиденцияда ешкім тұрмайды. Өңірдің жаңа басшылығы оны сатылымға шығарған.