Жаңа мерекелер
Елде кәсіби мерекелердің саны жайлы бұйрыққа өзгерістер енді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына 17 маусымда өзгерістер енгізілді.
Құжат нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32924 болып тіркелді.
Біздің еліміздегі кәсіби мерекелердің тізіміне мыналар қосылды:
-Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
-Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;
-Ветеринарлық қызметкер күні – 10 шілде;
-Аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
-ҚР жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;
-Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Осылайша, қазір Қазақстанда барлығы 63 кәсіби мереке бар.