Түркістанда бауыр циррозымен ауыратын науқастарға көмек көрсетілмек

Qaz365.kz редакциясы

Осы ретте бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында шеберлік сабақтары өткізілмек

Түркістан облысында бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында ҚР бас хирургі м.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен шеберлік сабақтары өтіп, жағдайы ауыр екі науқасқа ота жасалды. Ендігі кезекте облыста бауыр циррозымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілмек. Осы ретте бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізілмек. 

«Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының гепатопанкреатобилиарлы хиурргия және ағзаларды трансплатациялау бөлімшесінде М.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Б.Баймахановтың қатысуымен бірнеше жағдайы ауыр науқастарға кеңес беріліп, ары қарайғы емдеу тактикасы шешілді. Соның ішінде бірінші науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалынды. Бұл ота ұйқы безінің басының қатерлі ісігінде, жалпы өт жолының терминальді бөлімінің ісігінде жүзеге асады. Ал, келесі науқасқа өңештің варикозды тамырларының кеңеюі кезінде және қан кетудің алдын алу мақсатында Таннер отасы жасалынды. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы жақсы, дренажды түтіктері қалыпты жұмыс жасауда. Негізінен мұндай күрделі оталар Астана және Алматы қалаларында жасалынады. Осы ретте Алматы қаласының «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен» меморандум жасалып, енді күрделі оталар Түркістандағы облыстық клиникалық ауруханасының базасында өтеді», – дейді «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның гепатопанкреатобилиарлы хиурргия және ағзаларды трансплатациялау бөлімшесіндегі бас дәрігердің орынбасары Нұрлан Мауленов.