Тәжікстанда хиджап киюге тыйым салынды

Qaz365.kz редакциясы

Ел мәдениетіне жат киім ретінде танылған

Фото: Satria SP / unsplash.com

20 маусымда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды. Олардың арасында «Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» заң бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңға сәйкес, тәжікстандықтарға ел мәдениетіне жат киім киюге тыйым салынған. Ел мәдениетіне жат киім ретінде хиджаб пен сатр аталған. Заң талаптарын сақтамағандар айыппұл төлейді.

Жергілікті Азия-Плюс басылымының хабарлауынша, Тәжікстанда билік хиджаб киген әйелдерді көшеде тоқтатып, онысын шешуді немесе мұсылманша кимеуді талап етеді.