Жаслан Мәдиев Дуровтың Астанаға не үшін келгенін түсіндірді
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Telegram негізін қалаушы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің кеңсесіне барған.
Айта кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 18 маусымда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын хабарлаған болатын.
Парламент кулуарында Жаслан Мәдиев Дуровтың Астанаға не үшін келгенін түсіндірді.
"Біз шақырдық, ол келді. Менің ойымша, ол мұнда үш күн болады. Павел Дуров Astana Hub-ты көрді, оған цифрландыру министрлігін, Астана халықаралық қаржы орталығын және басқа да ұйымдарды көрсетуді жоспарлап отырмыз. Біз қонаққа технологияны жақсы қолданатынымызды көрсеткіміз келеді ғой, бұл тұрғыда жақсы ілгерілегенімізді түсінсе дейміз", – деді Жаслан Мәдиев.