Араға бірнеша жыл салып, Астана күнінде тағы да салют ататын болды

Qaz365.kz редакциясы

Сондай-ақ дрондар шоуы өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта салют іске қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады.

Айта кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).

2020 жылы COVID-19 тұсында адамдар қырылып жатқанда отшашу болып, жұрттың сынына ұшыраған. Содан кейін біраз уақыт салют ату тоқтаған еді.