Биыл Түркістандағы 8 денсаулық сақтау нысана күрделі жөндеу жұмыстары жүрігізілуде

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысында 2024 жылы 8 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүрігізілуде

Фото: elorda.info

Түркістан облысында 2024 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 6 млрд.теңге қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында 2024 жылы 8 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүрігізілуде. Оның ішінде Кентау қалалық орталық ауруханасы, Келес аудандық «Абай» ауруханасы, Бәйдібек ауданындағы «Боралдай» нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары басталып, жыл соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында Сайрам аудандық орталық ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, Сарыағаш ауданындағы Қапланбек ауылында балалар арасындағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында 600 орындық оңалту орталығы ашылған. Орталық жыл сайын нейро-ортопедиялық ауру және олардың туындау қаупі бар 3 жасқа дейінгі 600 баланы қабылдайды. Соңғы жылдары Қазақстанда мүгедектігі бар балалар саны өсіп келеді. «Қамқорлық» бастамасының миссиясы ерекше балаларды жарқын болашаққа деген ең жақсы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар «Облыстық балалар ауруханасы», «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы, Созақ аудандық орталық ауруханасының, жалпы 4 жобаның ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Бұл жобалар 2025 жылға өтпелі. Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бұл жұмыстарға 300 адам тартылған. Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, жобаның есептері қайта жасалып, дайын ғимаратты сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.