Алматы облысында бір отбасының 4 адамы газға уланып көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосқан

baribar.kz

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 52 жастағы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған.Барлығы көз жұмды. Бұл уақытта марқұмның әйелі – балалардың анасы үйде болмаған.

«6 қазан күні таңғы сағат 5-те жолдасы әйелін жұмысқа апарып, үйдегі ұлдарына қайтып келген. Жұмыстан кейін үйге оралған әйел шамамен сағат 16.00-де ұлдары мен күйеуінің денесін тапқан. Анықталғандай, ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып қойған», ‒ деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті ведомствосы .

Отбасы екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқан балалардың анасы 1973 жылы туған азаматша Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді.