Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында ірі буындарға ревизиялық ота жасалады

Qaz365.kz редакциясы

Бүгінде бөлімшеде Германия мен Мәскеуден мамандар да бар

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінің тарихы зор. Қазір ортопедия бөлімі 50 төсектен тұрады. Онда заманауи құралдармен жабдықталған және импланттар мен түтікшелі сүйек бекіткіштерінің кең ассортименті бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орталықта ірі буындардың ревизиялық артропластикасы – әртүрлі шығу тегінің тұрақсыздығы нәтижесінде тізе немесе жамбас буындарының эндопротезін ауыстыру операциясы жасалады. Елімізде бұл оталарды Астана қаласындағы Академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық онкология және трансплантология институты сияқты республикалық маңызы бар клиникаларда жасалады. Бұл операциялар травматология мен ортопедиядағы ең қиын операциялардың бірі болып саналады. Бұл операцияны қажет ететін науқастардың саны артып келе жатқандықтан, емдеудің бұл түрін республикамыздың басқа қалаларында тарату қажеттілігі туындады. Осы ретте 2014 жылдан бері Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада ауыстырылған ірі буындарға ревизиялық ота жасалады. 2014 жылдан бері мұндай операциялардың саны жылына 2 отадан 10-12 операцияға дейін өсті. Бүгінде бөлімшеде Германия мен Мәскеуден мамандар да бар.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың сөзінше аурухана 1868 жылы Шымкент қаласындағы әскери бөлім жанындағы шағын емхана болып ашылып, 1947 жылы  облыстық ауруханаға айналған. 2009-2010 жылы  күрделі жөндеуден өтіп, қазір заманауи облыстық клиникалық ауруханаға айналып, негізі қалыптасты. Қазір 800 төсек орындық ауруханада 1700-ден астам қызметкер Түркістан облысының халқының әлеуметтік, денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында қызмет етуде.