Науқастардың өмірін сақтап жүрген абзал жандар
Түркістан облысында бекеттер арасында медицина күніне орай спорттық іс шара өтті. Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем беру станциясына қарасты жедел жәрдем қызметкерлеріне басшы Б.Мырзагелдиев сыйлақтар және марапаттар табыстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол науқастардың өмірін сақтап жүрген абзал жандарға сәттілік тіледі.
«Осы кәсіби мереке медицина қызметкерлерінің күнінде шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Денсаулық - бұл басты байлық, онсыз бақытты және толыққанды өмір сүру мүмкін емес, сондықтан сіздердің еңбектерңіз әрқашан сұранысқа ие және құрметті болады! Мыңдаған адамдар сіздерге қарыздар! Сіздерге жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен назарын, жұмыста сәттілік, ризашылық білдіретін пациенттер және бақыт тілейміз!», – деді Б.Мырзагелдиев