Қазақстан қалаларында пәтер бағасы қанша?

Qaz365.kz редакциясы

Бағалар алты қалада өскен

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қалаларында пәтерлер қанша тұрады? Бұл жайлы Krisha.kz материалында айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандағы қайталама нарықтағы пәтерлерге ұсыныстың орташа бағасы - 7 миллион теңгеден 42.5 миллион теңгеге дейін. Ең арзан тұрғын үй - Қызылордада, ең қымбат тұрғын үй - Алматыда.

Пәтерлердің орташа бағасы:

Krisha.kz аналитикалық қызметі мәліметінше, орташа баға динамикасы жыл басынан бері тұрақты. Қаңтардан маусымға дейін 10 қалада пәтер арзандаған:

  • Қызылордада: -3 пайыз;
  • Семейде: -1,9 пайыз;
  • Шымкент, Қарағандыда: -1,7 пайыздан;
  • Алматы: -1,3 пайыз;
  • Атырау: -1,2 пайыз.
  • Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында – 1 пайыз мөлшерінде.

Бұл ретте, бағалар алты қалада өскен, ең көбі Петропавлда (+4.7 пайыз), Ақтауда (+3.1 пайыз), Орал қаласында (+1.9 пайыз). Астанада бағалар өзгерген жоқ.