Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Qaz365.kz редакциясы

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

Фото: depositphotos.com

Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында  берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз, – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.