Жоба авторлары бірқатар ауруға арналған тегін берілетін дәрі-дәрмекті қысқартпақ
Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне өзгеріс енгізілмек. Енді бірқатар дәріні тегін алу мүмкіндігі болмайды. Бұл өзгеріс қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23885 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерту енгізіледі.
Тізімдегі өзгерістерді талқылау 2024 жылдың 18 шілдесіне дейін жалғасады, жоба авторлары бірқатар ауруға арналған тегін берілетін дәрі-дәрмекті қысқартпақ.
Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Ас қорыту ағзаларының аурулары
Бассүйек нервілерінің зақымданулары
Жедел/созылмалы синусит
Несеп-жыныс жүйесінің аурулары
Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы
18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер: