30 тамыз – Конституция күні
Тамызда Конституция күніне орай қазақстандықтардың демалыс күніне тағы бір күн қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
30 тамыз – Конституция күні. Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істейді және 1 қыркүйек жексенбі болуына байланысты қайта демалады.
Бұдан бөлек 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25 тамыз күндері – демалыс.