Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды

Qaz365.kz редакциясы

Жақында бұйрық күшіне енеді

Фото: newsae.ru

Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтеріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 15 шілдеде "Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы" өзгертілген бұйрық күшіне енеді.

"Мынадай ең төменгі бөлшек бағалар қолданылатын болады: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 870 теңге", – делінген хабарламада.