Онда сәбилерден қарттарға дейін емделді
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында МӘМС шеңберінде жыл сайын интраоперациялық нейрофизиологиялық мониторингті қолдана отырып, ми және жұлын ісіктері кезінде, омыртқа бағанының дегенеративті аурулары кезінде 500-ден астам операция жасалынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық клиникалық ауруханада сондай-ақ, ми тамырларының патологиялары кезінде эндоваскулярлық араласулар және ауырсыну синдромын емдеудің интервенциялық әдістері, омыртқа жарақаттарының салдары кезінде тұрақтандырушы реконструктивті операциялары орындалады. Ми тамырларының аневризмалары мен ақауларының эндоваскулярлық эмболизациясы, интракраниальды стенттерді орнату, сондай-ақ ми тамырларының окклюзиясы кезінде экстра интракраниальды анастомоздарды қолдану сияқты жоғары технологиялық медициналық қызметтер орындалады.
Бұдан бөлек, жыл сайын бөлімше қызметкерлері Ресей, АҚШ, Германия, Түркия, Италия, Испания, Оңтүстік Корея, Франция сынды алыс және жақын шетелдерде оқудан, тағылымдамадан өтеді. Нәтижесінде нейрохирургиялық патологияларды емдеуде жаңа технологиялар енгізілген.
Облыстық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесі халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Шымкент қаласының медицина академиясының резидент-нейрохирургтары үшін клиникалық база болып табылады, онда бөлімше қызметкерлері нейрохирург жас дәрігерлерді оқытады. Сонымен қатар, Облыстық клиникалық ауруханасындағы ортопедия бөлімшесінің тарихы зор. Онда сәбилерден қарттарға дейін емделді. Қазір ортопедия бөлімі 50 төсектен тұрады, үлкен ұжымы бар. Бүгінде заманауи құралдармен жабдықталған және импланттар мен түтікшелі сүйек бекіткіштерінің кең ассортименті бар.