Қазақстандағы түрмелерде орын тапшы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілі

Qaz365.kz редакциясы

Төрт жыл ішінде сотталғандар саны өскен

Фото: ашық дереккөзден

Орын тапшылығы жөнінде Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Теңізжан Жәнібеков айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір елімізде барлығы 78 түзеу мекемесі жұмыс істейді, онда 37 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Олардың үш мыңы әйелдер (50-ден астамы кәмелетке толмағандар). Барлығы 16 тергеу изоляторында 7,5 мың адам отыр.

«93% ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталды. 45% қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталғандар», – деді ҚАЖК басшысы Теңізжан Жәнібеков.

Төрт жыл ішінде сотталғандар саны 7 мыңға жуық адамға өсті. Бұл мүлікті ұрлау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да қылмыстар үшін жазалардың қатаңдатылуына байланысты.

ІІМ Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жаңа қамау орындарын құруды жоспарлап отыр.