Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі

Qaz365.kz редакциясы

Ана мен баланың денсаулығы – қоғамда маңызды рөл атқарады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгінде Түркістан облысында 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астам әйел жүкті болып тіркелген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс балалар гинекологы Замира Өтегенованың сөзінше, халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу маңызды. Сондай-ақ, қазіргі таңда еліміздегі 10 миллионнан астам әйелдің 4 миллионнан астамы фертильді жастағы әйелдер болса, 6 миллионға жуығы балалар екенін жеткізді.

 «Қазіргі таңда ана мен баланың денсаулығы – қоғамда маңызды рөл атқарады. Репродуктивті денсаулық мәселелері жыныстық өмірдің ерте басталуына, отбасындағы жыныстық тәрбиенің жеткіліксіздігіне, білім беру бағдарламаларының болмауына байланысты жасөспірімдер үшін ең өткір мәселе.  Репродуктивті денсаулықтың негізі балалық және жасөспірімдік шақта қаланады. Өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайы болашақ ата-ананың денсаулығын анықтайтын шешуші фактор. Гинекологиялық ауруларды уақытында анықтау және емдеу болашақта жыныс мүшелерінің патологиясының ең тиімді алдын алу болып табылады. Репродуктивті функцияның күйіне әсер ететін факторлардың бірі қажетсіз жүктіліктің алдын алу болып табылады», – дейді дәрігер. 

Қазақстанда 20 млн.-нан астам халық тұрады, оның 10 млннан астамы әйелдер, 4 млннан астамы фертильді жастағы әйелдер (туу жастағы әйелдер) және   6 млннан астамы балалар. 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17% – ы кем дегенде бір рет жүкті болды, олардың 62%-ы жүктілікті босанумен, 22%-ы жасанды түсікпен аяқтады, 16%-ы өздігінен түсік тастаумен аяқталды.