Түркістан облысында медициналық техникамен жабдықтау пайызы 84%-ды құрайды

Qaz365.kz редакциясы

100 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген

Фото: Freepik

Түркістан облысында 3 айда 100 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиевтың сөзінше бүгінде Түркістан облысының денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. 

«Жалпы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 45 мемлекеттік мекеме және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана мекемелері кіреді. 756 ұйым облыстық басқарма қарамағында. Барлық медициналық мекемеге – 2 060 903 адам тіркелген, оның ішінде жеке меншікке – 340 мың. Медициналық ұйымдарда – 35 714,75 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2024 жылдың 3 айына облыс халқына 15 307 002 клиникалық-диагностикалық қызметтер, 180 512 жедел жәрдем шақыртулары, 784 санавиация шақыртулары жүргізілді. 3 млннан астам амбулаторлық көмек көрсетілді. Одан бөлек, 100 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген, оның ішінде оталар саны – 18 693 ды құрайды», – деді Асхан Байдуалиев.

Айта кетсек, өңірде материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі бойынша облыс көлемінде медициналық техникамен жабдықтау пайызы – 84% құрайды. 2023 жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 10,5 млрд. теңгеге 712 дана оның ішінде маңызды 32 дана медициналық құрал-жабдықтар және 75 дана IV санаттағы жедел-жәрдем автокөлігі сатып алынды. Ал, 2024 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы трасферттер есебінен 6 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Сонымен қатар, биыл медициналық ұйымдарда 2 дана МРТ аппараты, 2 дана сационарлық ангиография, 1 дана жасанды қан айналым аппараты, 1 дана ЭКМО аппараты, 4 дана УЗИ эксперттік аппараттары қажет етеді.